Жас өспірімдерге арналған ең дамыған және ерекше білім беру орталығы сайтына хош келдіңіздер
Білім - ол өмір сүруге дайындық емес
Білім ол нағыз өмірдің өзі

- Джон Дьюи
Жас өспірімдерге арналған ең дамыған және ерекше білім беру орталығы сайтына хош келдіңіздер
Біз туралы
#atlasnation
Біздің айналамыздағы әлем үнемі өзгеріп отырады.Ақпараттық ағымдар әрбір 24 айда екі есе ұлғайып, адамдар өз өмірлерінде мансаптарын орташа есеппен 4-5 рет өзгертіп отырады, мамандықтар мен жұмыс түрлері өте тез өзгеріп жатқандығы соншалық біз болашақта, тіпті жақын бірнеше жыл ішінде, қандай мамандықтар қажет болатынын және қандай жұмыс түрлері пайда болатынын алдын ала болжай алмаймыз.

Мектептер балаларды бүкіл өмір бойындағы өзгерістерге тез бейімделіп өзгере білуге , тек қана білім беріп қана қоймай алған білімдерін нақты өмірде пайдаға асыруларына үйретуі керек.
Әлемде болып жатқан нақты өзгерістерді терең түсінген, Қазақстанның жас ұрпақтарының болашақ тағдырына немқұрайды қарамайтын, өзінің еңбегі мен идеяларын, мүмкіндіктері мен уақыттарын жұмсауға дайын жандар 2018 жылдың наурыз айында жасөспірімдердің өздіктерімен БІЛІМ АЛУ, БІЛІМДЕРІН ҚОЛДАНА БІЛУ, ТАЛДАУЛАР ЖАСАЙТЫН ATLAS SCHOOL білім беру орталығын құрды.

Atlas School мектебінде жасөспірімдердің өміріне нағыз шынайы өзгерістер енгізіледі : саналары, мақсаттары, таланттары мен қабілеттері ашылады, оларда өзгеру, даму, оқу жөніндегі ынталары пайда болады.
Жас өспірімдер мен олардың ата-аналары қандай қиындықтармен ұшырасуда?
Оқуға, дамуға мотивацияның болмауы
өйткені олар мектепте кейбір пәндерді не үшін оқытатынын түсінбейді , тек қана ЖОО түсіп , жұмыс тауып мамандық алу үшін ғана керек деп есептейді. Ал ол мамандық не үшін керек ? Ол мамандық біреу ғана және өмір бойы ма ? Ал химияны неге оқимын егер де мен кинопродюсер болғым келсе?
Жалқаулық

ол нақты мақсат пен жоспардың болмауының салдары. Нақты мақсатың болмаса не үшін бірнәрсе істеу керек? Тек ата-аналар мен мұғалімдер үшін бе?
Мақсаттың болмауы

ол өзін-өзі білмеуден және түсінбеуден, өзінің орнын, нақты керектілігін, осындай тақырыптарға арналған сапалы әңгімелердің болмауынан, арман, мақсаттар қою , оған қарай ұмтылу туралы ортаның болмауынан туындайды.
Қателіктерден қорқу

қоғам, орта, менталдық балалардан «дұрыс» қимылдар, тесттерге қатесіз жауаптар беруді, кепілді қорытындылар талап етеді. Осының бәрі қателіктерден қорқу сезімін тудырады, ал бірақ қателік жоқ жерде даму да болмайды!
Тұйықтық, ұяңдық

осылардан үндемей қысылушылық , өз ойларын айтып /жеткізе алмау, ой таяздығы, клиптік ойлар туындайды. Осының бәрі жоғарыда аталғандардың нәтижесі, оның үстіне қазіргі жас өспірімдерде тек тұтынушылық мінездер қалыптасып бара жатқаны.
Біздің мақсат
Тиімді оқыту бағдарламасын жасау үшін оның нәтижесі қалай болатынын, ATLAS SCHOOL мектебін бітіргенде қандай тұлғаларды көргіміз келеді, біз осыны анық білуіміз керек.

ATLAS SCHOOL мектебін бітірушілерден біз мына төмендегі тұлғаны көреміз:
бүкіл ғұмыры бойы білім іздеп,оқып үйренетін
өзінің қабылеті мен тәжірибесін іске асыра алады
өзінің кәсібіне жету бағытынан айнымайды
төзімділік пен табандылық танытады
білімін нақты өмірінде пайдалануды біледі
рухы, тұтастығы мен абыройын сақтай біледі
тәуекелдікке бара алады
моралдік ерлігі бар
мәселелерді шеше алады және сыни ойлай алады
өзінің айналасындағы әлемді пайдалана алады
стереотиптен тыс ойланады және мәселеге жан-жақты қарай біледі
салауатты және жігерлі бола біледі
өздігінен және топпен бірге де жұмыс жасай алады
өзінің өмірі мен жұмысынан нағыз ләззат алады
жасампаз және ойлап табушы
сүйе және сүйікіті бола біледі
ол бақытты
Біздің бағдарламалар
МОДУЛЬ #1
МОДУЛЬ #2
Бұл Atlas School негізгі курсының мақсаты – жас өспірімді саналы түрде теңгерімді өмір салтын қалыптастыра отырып дамуға үйрету. Мамандық, ақша, мансап туралы әңгімені бастау үшін , алдымен ол тұлғаның негізгі өзегі,құндылықтары - жаны, денесі және ақыл-ойынан бастау қажет болады.
Әр адам өзінің қабылетін қаржыға айналдыра білуі керек . Осы курсты оқу барысында жастар бизнес философиясы мен негізін, кәсіпкерлікті, «бай және кедей» әкелердің айырмашылығын, салық салу мәнін, экономиканың секторлары туралы, өзінің бюджетін құруды және шығындарын жоспарлауды бастайды.
Learning Through Internship және Project Based Learning – бұл екеуі Atlas School мектебінің негізгі компоненттері, олар Big Picture Learning оқу бағдарламасы негізінде енгізілген. Cтуденттер нақты компанияларда менторлармен өзара бірлесіп өздеріне қажетті нақты тапсырмалар мен жобалар алып танысады, интервьюлер жүргізеді, практикадан өтеді.
МОДУЛЬ #3
«Егер де адам құдай бейнесіне ұқсас болып жаратылса,онда білім дегеніміз не?
Білім ол жас баладан құдай бейнесін ашу!», Шалва Амонашвили
Жоспарлау және бюджеттеу
«Әлем – бұл кітап. Онда саяхат жасамағандар – оның бір ғана бетін оқыған!», Святой Августин
1
Сапарлауға қаржы табу
2
Логистика және маршруттар
3
Дербестік және шығындарды бақылау
4
Сапардағы жекелеген және топтық міндеттер
5
Біздің мақсатымыз жасөспірімдердің әлемге,жаңа таным-білімге деген қызығушылықтарын ояту.Бізді ештеңе де дәл саяхат сияқты дамытпайды.Біз Қазақстан және шет елдер бойынша топтық саяхаттар ұйымдастырамыз.Мектептегі каникул кездерінде біздің Мектеп -адвайзерлерімен бірге балалар қысқа ( 2-3 күн ) және ұзақ (1-2-3 жеті ) турлармен Қазақстан мен планетамыздың әр түрлі бұрыштарына саяхатқа бара алады.Балалар баратын жерлерін (ел,қала,жер ) өздері таңдайды.Мұндай саяхаттар әлемдік көзқарасты кеңейтеді,дербестікті қалыптастырады,өзінің және топ алдындағы жауапкершілігін арттырады.Олар жаңа ел,қала,жермен танысып қана қоймайды,сонымен қатар оладың саяхаты әр түрлі қызықты тапсырма-ойындармен,квестермен,мәдени шаралармен және ойын-сауықтармен байытылып толықтырылады.

Сондай ақ, біз ЖОО арнайы танысу үшін АҚШ (Гарвард, Уортон, Йель, MIT, Duke .. және т.б.) және Ұлыбритания елдеріне сапарға баруды ұйымдастырамыз.

Әрбір саяхаттан балалар оң-позитивті эмоциялармен,әсерлермен,жаңа біліммен,шабытпен және сәл-пәл болсада есейіп оралады.

рухтарын нығайтуға және балалардың өзін-өзі бағалауды арттыруға
Atlas Camp – бұл мектептің негізгі Бағдарламасының ең қызықты және тиімді тренинг/сабақтар кешенінен тұратын 7-8 күндік күндізгі көшпелі лагері.
1
креативтік және кәсіпкерлік рух
2
коммуникациялы болу және командамен жұмыс жасай білу
3
сүйіспеншілік және достық
4
мәселелер мен жанжалдарды шеше білу
5
Atlas Camp – бұл шын жүректен, қуанышпен, күлімдеп өзімізбен жұмыс жасайтын, біріне бірі мүлде ұқсамайтын, энтузиязмге, креативке толы 7-10 күндік көшпелі лагерь. Біздің лагерден кейін балалар шынығып, заряд алып, шабыттанып қайтады, ал шабыттану яғни өсу екенін сіз білесіз !
Лагерлік бағдарламалар барысындағы тренингтер, тапсырмалар және жобалар мынандай нысандарға бағытталған:
Мектепте сабақтар пікір талас , топтық (10-15 бала) және жеке тапсырмалар, сөз сөйлеу түрінде өтеді, кейде үлкендермен бірлесіп , сыни ойлауды және тапқырлықты қажет ететін тапсырмалар жиірек социумда беріледі. Балалар жиірек үстел ойындарын (Монополия – Атлас ойындарының патшайымы), мотивациялық, танымдық фильмдерді топпен бірге көруді, бірлесіп кітап оқуды ұйымдастырады.
Атласта әртүрлі табысты адамдармен кездесулер мен мастер-кластар жиі ұйымдастырылып тұрады, әдетте олар әр түрлі саланың кәсіпқойлары (бизнесмендер, өнер саласының өкілдері, блогерлер, сәулетшілер, билік өкілдері және т.б.). Сонымен қатар LTI модулі аумағында - біз кәсіпорындарға шығып бизнес поцесстермен , меншік иелерімен және компания басшылармен танысамыз.
Project based learning – балалар жобаларды шектелген ресустар, белгіленген уақыттарда және ролдік тәсілдер жағдайларында жасайды. Олар жеке дара жобалар, бизнес жобалар, әлеуметтік жобалар болуы мүмкін (мысалы 2019 жылы балалар ауру балаға көмек ретінде 350 мың теңге жинады).
Parents meetings. Бағдарлама жас өспірімдердің өміріне тиімді түрде еніп жүзеге асу үшін олардың ата-аналарымен кооперация құру өте маңызды болады. Біз «сағаттарымызды түзетіп » бір толқында болу үшін ата-аналармен мезгіл сайын кездесіп мастер кластар өткізіп отырамыз.
Atlas Games
Атласта біздің фирмалық зияткерлік және кәсіпкерлік ойындарымыз жиі ұйымдастырылып отырады.
Shark tank - Атластың бизнеске бағытталған арнайы іс шарасы, онда жас өспірім кәсіпкерлер өздерінің жасағандарын, бизнес –идеялар мен өнімдерін «акулаларға» көрсетеді, ал олар идеялар /өнімдерге инвестиция енгізу немесе енгізбеу жөнінде шешім шығарады.
Atlas quizzed - зияткерлік ойын , онда жас өспірімдер команда бойынша эрудиция мен тапқырлықтарын көрсететін әртүрлі сұрақтарға 60 сек. Ішінде жауап береді.
One kid at a time approach - ең маңыздысы - әр баланың жеке даралығы мен мүддесі. Курстың басында адвайзер мен жас өспірімдердің жеке кездесулері өтіп , нәтижесінде тыныс-тіршілігінің барлық аспектілері бойынша жеке дара даму жоспары жасалады және үнемі қадағаланып отырады.
Оқу Мектеп аумағында және одан тыс нақты өмірде жүргізіледі - көшеде, сауда орталықтарында, офистерде -өйткені нағыз оқу нақты өмірден алшақтамауы керек екеніне сенеміз. Әрине қауіпсіздік режимі сақталады.
English Speaking zone. Атласта негізгі қарым-қатынас тілі мен оқыту Ағылшын тілінде. Біз Ағылшын тілінің белсенді түрде енгізілуін жақтаймыз, сондықтан барлық материалдар, тапсырмалар ағылшын тілінде дайындалады, ал қарым-қатынас ағылшын/орыс тілдерінде жүргізіледі.
Бағдарламар натижесi

Табысты адам - ол пайдалы әдеттер жиынтығы
Бағдарлама қорытындысы бойынша жас өспірімдер - жоспарлау , сөзден іске, позитивті көңіл күй,белсенділік, өзіне және өзінің күшіне сену, бәрінен тек мүмкіндіктерді көру және т.б. сияқты пайдалы әдеттерді бойына сіңіреді.
Өз бетінше оқу және өзін өзі дамыту
Жас өспірімдер өздерінің жоспарларын , мақсаттарын, басымдылықтарын реттеуді және өзінін орны мен мамандықтарын өздері анықтап белгілеуді бастайды. Курс барысында қалай қимылдау алгоритмін түсініп алып - олар бұдан былай өздеріне білім траекториясын құрып және өзін lifelong learner (бүкіл өмір бойы оқу) рухында тәрбиелей алады.
Ойлау шеңберінен тыс
Балалар әр нәрсеге жан-жақты қарап, стандарттан тыс ойлауды, алдын-ала шешіліп қойылмағандай қарайтын болады.
Өзіне сенімділік және белсенділік
Балалар өзінің болашағына қажет күшті және әлсіз жақтарын ашып түсініп өзіне деген сенімділікке ие болады және өзінің күшті жақтарын өз ортасында ғана емес басқа да таныс емес орталарда да пайдаланып белсенділік таныта алады.
Коммуникациялар
Бағдарламалардан өткеннен кейін - балалар кіммен болса да, қай жерде болса да, не туралы болса да сөйлесе алатын болады. 21 ғасырдың негізгі әдет дағдысы және кәсіпкерлердің ажырамас сапасы – ол тиімді коммуникациясы , сұрақ қоя білуі, пікір мен нақтыны ажырата білуі, сыни ойлауы!
Отбасылық құндылықтар
Жас өспірімдер ата-аналарымен, отбасындағы үлкендермен, аға-іні қарындастарымен қатынастарын түсініп және бекітеді, туыстық құндылықтарды сақтап және қолдайды.
Біздің Адвайзерлер
ATLAS SCHOOL мұғалімдерін Адвайзерлер деп атайды, олар өз жұмыстарына бірегей де адал берілген ерекше жандар, олар шын жүректен өзін-өзі сынап көруден тайынбайтын, өзіне өзі және өз өмір салтының мүмкіндігінен тыс талаптар қоя білетін, жасөспірімдерді осыған оқытуға дайын адамдар.
Мадина Сыпатаева
Негізін қалаушы, адвайзер
Олжас Султанбеков
Адвайзер
Мадина Сыпатаева Atlas School-негізін қалаушы, адвайзер. Ол соңғы 17 жыл бойы үздіксіз юрист қызметін атқарады, Linkage&Mind фирмасының негізін қалаушы, құқық саласы бойынша PhD ғылыми дәрежесі бар және Бөрте атты талантты қыз тәрбиелеп отырған ана.
Олжас – Atlas School адвайзері, ол жасөспірімдердің ақыл-ойы мен денесінің бірқалыпты теңгерімді дамуына жауап береді.
Дэннис Литтки
Бас консультант
Деннис Литтки Atlas School бас консултанты және идеялық дем берушісі. Ол АҚШ –ғы The Big Picture Company, The Met School мен College Unbound мектептерінің құрылтайшысы және директоры.
Райхан Амирова
Адвайзер
Райхан - Atlas School адвайзері.
20 жылдан астам уақыттан бері ол әр түрлі жастағы балалармен жұмыс істейді, АҚШ-тағы жеке балабақшада тәжірибесі бар.
Ол күш мұғалімдерде, олардың даналығында, құмарлығында және оқыту мен тәлімгерлікке деген саналы қатынаста екенін тусінеді.
Біздің Адвайзерлер
ATLAS SCHOOL мұғалімдерін Адвайзерлер деп атайды, олар өз жұмыстарына бірегей де адал берілген ерекше жандар, олар шын жүректен өзін-өзі сынап көруден тайынбайтын, өзіне өзі және өз өмір салтының мүмкіндігінен тыс талаптар қоя білетін, жасөспірімдерді осыған оқытуға дайын адамдар.
Пікірлер
Скриншоттар
Бейне шолулар
Бағдарлама құны
Толық курс
Бұл құнға кіретіні:
• Atlas School сабақтары 2 рет 2 сағаттан
• Friday events қатысу (ойындар - Монополия, Cash Flow, фильмдер көру, философиялық кештер, қонақтармен кездесулер, аукциондар т.б)
• Адвайзермен жеке кездесулер (жоспарланған кесте бойынша)
• Atlas Camp жеңілдіктер
• мастер кластар және ата-аналармен кездесулер
• офф-лайн (Shark Tank, Atlas Quizzed) шараларына қатысу
• Atlas merch (футболкалар, худи, свитшоттар) жеңілдіктер
800 000 ₸
Күндерді әкімшілікпен тексеріңіз
Бiр ай
Күндерді әкімшілікпен тексеріңіз
100 000 ₸
Қандай опция таңдалатынын білмейсіз бе?
Біз көмектесеміз
Өзіңіз туралы айтып беріңіз, біз сізге бағытты табуға көмектесеміз
Біздің әріптестер
Біз Big Picture Learning тығыз байланыстамыз.

Бұл ұйымның 22 жылдық тарихы бар. Бүкіл әлем бойынша бұлардың 130 мектебі сәтті жұмыс жасайды.

Big Picture Learning білім берудегі инновациялары үшін Bill @ Melinda Gates Foundation компаниясының 20 млн доллар мөлшеріндегі грантының иегері.

Atlas School командасы ынтымақтық барысында Big Picture мұғалімдерімен тағлымдамалар және online курстарынын, тәжірибе алмасулар өткізеді . Сондай ақ, студенттер алмасу бойынша Қазақстанға АҚШ оқушылары келеді, Atlas өздерінің жас өспірімдерін олардың Мектептеріне жіберуді жоспарлап отыр.
Сұрақтарыңыз қалса
Неге бағдарламаның бағасы жоғары?
Atlas жас өспірімдерді дамытуға арналған, олардың өміріне қажет болатын өте бағалы үздік білімдер мен тиімді тәжірибелер әзірледі және жинады. Мұны инвестиция деп қарастырыңыз, әрі жоғарғы қайтарымды инвестиция, ол болашақта сіздің және балаңыздың/қызыңыздың уақытын және қаржысын үнемдейді. Мұндай білім мектептерде берілмейді, және өкінішке орай ата-аналардың да бәрінің бірдей ондай білім беру мүмкіндіктері жоқ. Есіңізге түсіріңізші сіз «Неге бізге мектепте осыны үйретпеген?» деп жиі айтатынсыз. Балалармен жұмыс жасау ол өте ұзақ, ауыр жол, оны жан тәнімен беріліп жұмыс жасайтын адвайзерлер мойнына алған. Міне сондықтан – бұл бағдарлама соншама тұрады!
Менің балам осы бағдарламадан қандай нәтиже алады?
Өз мүмкіндіктерін, күшті жақтары мен мүдделерін, көпшілік алдында сөйлеу және өз ойларын еркін жеткізу, уақыты мен ресурстарын басқару, өз істеріне жауапкершілікті сезіну және түсіну. Өзінің мамандығын таңдау жолындағы іс-қимылдар алгоритмін түсіну - әрекеттерді бастайды (теориямен отырмайды), өзі қалаған мамандықтар арасындағы адамдармен танысып араласып өз ортасын құрады, қолайлы ЖОО таңдайды (шет елден, ҚР), дайындала бастайды (SAT, IELTS/TOEFL), тіпті өз бизнесін ашады немесе GAP year алады және жұмысқа орналасады. Біз бен сіздің міндетіміз оны қолдау және жауапкершілікті оған аудару болады (әрине маңызды кеңестер беріп және оның да пікірін тыңдай отырып). Атлас өз кезегінде қол жеткізген нәтижелерді бекіту және әрі қарай дамыту үшін үнемі қолдау шараларын ұйымдастырып отырады.
Ал егер де менің баламның ағылшын тілі әлсіздеу болса?
Сіз түсінесіз ғой , бүкіл әлем бойынша ақпараттар ағылшын тілінде көбірек - шамамен 80 %, ал орыс тілінде бар болғаны 2-3%. Яғни, бұл ақпаратты бірінші кезекте ағылшын тіліндегі түпнұсқадан іздеп және табуға көбірек ынталандырады.

Тіпті , егер де материалдар , ақпараттар, видео ағылшын тілінде берілсе де , ағылшын тілін жақсы білетін балалар тарапынан аударма көмегі әрқашанда болады. Яғни бұл да тіл білуге ұмтылуға және жақсартуға жақсы ынталандыру. Атласта тіл білімі академиялық түрде оқытылмайды – біз балалардың аударма қорына жеңіл енетін терминдерді, слненгтерді береміз , өйткені оларды жиі қолданады және олар «озықтау» кейде тіпті «қызықтау». Ынталандыратын роликтер субтитрамен көрсетіледі, сондықтан бұл үрдіс біртіндеп жас өспірімдердің әдетіне де ене бастайды.
Сұрағыңыз бар ма? Бізбен байланысыңыз
WhatsApp-та сөйлесуді бастаңыз
Тел: +7 (701) 166 62 40
Адрес: Нур-Султан, Сарайшык к-сi, 11A
2018-2021 © "HOWARD ROARK" ЖШС Барлық құқықтар сақталған
Мадина Сыпатаева
Негізін қалаушы, адвайзер
Олжас Султанбеков
Адвайзер
Райхан Амирова
Адвайзер
Дэннис Литтки
Бас консультант
Жан -Дене-Ақыл-ой
☆ Мен кіммін ? Менің ұмтылысым. Менің мақсаттарым.
☆ Жан-дене-ақыл тепе теңдіктері.
☆ Менің айналам. Олар маған қалай әсер етеді? Интеллект және дағды vs. орта
☆ Адамдар қайтыс болар алдында өкінентін 4 нәрсе Тобы
☆ Менің ішкі гаухарым. Қырларын қашап түзету.
☆ Дене – құрал және оның қызмет мерзімі
☆ IQ, EQ және тағы да ешкім көп айта бермейтін интеллектің көп түрлері
☆ Тұтыну vs.Жасампаздық
☆ Сыни ойлау және креативті ойлау
☆ Тәртіп, Ерік күші және мінез күші
☆ Әдет = тағдыр
☆ Мақсаттар. Олар неге қажет? Оларды қалай қою керек?
☆ Приоритетер. Action plan. Reflection
☆ Отбасы. Тұқым-тек күші.
☆ Энергия және оны жинақтау
☆ Шабыттану. IKIGAI
Мен, әлем және жаһандық контекст
Курс тақырытары:
Маңыздысы – өз денеңнің мүмкіндіктерін түсіну, оның төзімділігін арттыру, және дененің жағдайы менталды (ақыл-ой, көңіл-күй) дамуына қалай әсер ететінін түсіну.
Балалар өмірлік тепе теңдіктің гармоникалық шеңберін құрастырумен айналысады, мақсатты дұрыс қоюға , басымдылықтарын белгілеуге, action plan жасауға үйренеді.
IQ – ден басқа интеллектің көптеген түрлері бар және ол әркімде әр түрлі дамыған. Жасөспірімдер өзінің интеллектін (логика, сыни ойлары, креативті ойлау) шыңдайды және өздерінің мықты жақтары мен өсу аумақтарын анықтайды.
Өзіндік тәртіп, өздігінен ұмтылу, өздігінен сараптамалар жүргізу , өзінің жағдайын түсіну – міне осылар курстың негізгі құрамдас бөліктері.
Рухани даму - бұл тұлға дамуының ажырамас бөлігі, ол бізге шабыт және өсу,өзін түсіну және өз ерекшелігі мен қабылетін анықтауды, жаңа білімдер алу, энергия жинақтау, өмірді сүю және бақытты болуды береді.
Кәсіпкерлік
☆ Кәсіпкерлік ойлау. Молшылық пен қадір қасиет
☆ Бай және кедей әке ? Ойлау айырмашылықтары қандай?
☆ Ақпарат. Ол қалай бұрмаланады
☆ Пікір vs. Факт
☆ Мен ақшаны қалай жұмсаймын? Керек vs. қалаймын. Жеке бюджет
☆ Сауда – кәсіпкерліктің негізі
☆ Коммуникациялық – кәсіпкерліктің ең маңызды дағдысы
☆ Маркетинг. 5 P's of marketing (product, price, place, promotion and people)
☆ Салықтар. Неге біз оларды төлейміз?
☆ 2$ - сенің бастапқы капиталың
☆ Жағдай + Реакция = Салдары
☆ Орынды тәуекелдік
☆ Қателіктер = инновациялар
Курс тақырыптары:
Бұл курс балалардың кәсіпкерлік духын ашуды және ақша мен уақыттың құндылықтарын, өз еңбегі мен күшін ұғынуды, сонымен қатар тәуелсіз ойлануды және өз жобаларын жасауды үйретеді. Тұтынушылықтан Жасаушылыққа. Орындаушылықтан Белсенділікке және Шығармашылыққа.
LTI тәжірибесі (практикасы) арқылы оқу
☆ Ертедегі греция мифологиясы және экономиканың секторлары
☆ Өнер саласы және оны қаржыға айналдыру
☆ Сәулетшілік - өнер де және кәсіп те
☆ Орындаушылық өнері – қаржыға айналдыру және кәсіп
☆ Спорт. Сен спортшы болмасаң онда қалай жалақы табасың?
☆ Киноиндустрия. Оның қаймағын кімдер алады?
☆ Кітап нарығы. Онда жалақыны кім алады – автор, баспа немесе ритейлер?
☆ Ауыл шаруашылығы – егіс даласынан кондитерге дейін
☆ Мұнай және Газ – мұнай мұнарасынан АЗС немесе пластикалық пакеттерге дейін
☆ Құрылыс – жер бөлімінен бизнес орталықтарға дейін
☆ Банк. Кредит. Пайыздар. Ипотека
☆ Өнеркәсіп. Сенің кроссовкаңның өзіндік құны
☆ Заңдар неге қажет?
☆ Сауда. ZARA қалай жұмыс жасайды
☆ Coding, IT, Silicon Valley
☆ Google, Amazon, Facebook
Темы курса:
Егер де жас өспірім футболмен әуестенсе , онда оны футболдың айналасындағы project management, қаржы, коммуникация, жоспарлау мен маркетингтерге қосудың да көп әдістері табылады! Оны күштеп абстракты теорияларды оқытқанша,футбол айналасындағы осы істерге ол шын ниетімен және ынтасымен үйреніп кіріседі. Осы курс барысында тинейджерлер оқитын тапсырмалар, материалдар , идеялар мен әдіс дағдылар нақты (аутенттік) жұмыстардан/жобалардан/ тәжірибелерден алынады. Жас өспірімдер осында ЖОО (ҚР және шет елдерде) таңдаумен, өмірбаяндарын, мотивациялық хаттар, эссе, СV жазумен және портфолио дайындаумен айналысады.