#ATLASNATION

Мектеп туралы

ATLAS SCHOOL – жастарға арналған бірегей мектеп, негізгі мақсаты-жасөспірімнің жеке басының ерекшеліктерін, қабілетін, талантын және қызығушылығын ескере отырып өздігінен оқып білім алуға жағдай жасау.

Біздің миссиямыз

ATLAS SCHOOL алға жылжыған сайын, біз күнделікті өмірдегі, мектеп немесе жалпы білім беру саласындағы мәселелерді шешу қажеттілігін мойындап барынша икемді болуға тиісті екенімізді түсінеміз. Біз «жеке тұлғалардан» басталатын персонализация анықтамасын енгіземіз. Білім саласындағы қажеттіліктерді қанағаттандыру әрбір студентпен жеке «one student at a time» жұмыс жасау арқылы іске асатыны туралы философияны ұстанамыз. Біз осылай, жасөспірімдердің, олардың ата-аналарын, бизнес пен қоғамды нақты өмірде өздігінен оқып білім алуға шабыттандырып, белсенділіктерін арттыра отырып алға жылжуды жалғастыра береміз.

ATLAS SCHOOL

ФИЛОСОФИЯСЫ

Біздің айналамыздағы әлем үнемі өзгеріп отырады. Ақпараттық ағымдар әрбір 24 айда екі есе ұлғайып, адамдар өз өмірлерінде мансаптарын орташа есеппен 4-5 рет өзгертіп отырады, мамандықтар мен жұмыс түрлері өте тез өзгеріп жатқандығы соншалық біз болашақта, тегі жақын бірнеше жыл ішінде, қандай мамандықтар қажет болатынын және қандай жұмыс түрлері пайда болатынын алдын ала болжай алмаймыз. Мұндай жағдайда, оқыту жүйесі екі бағытты есепке алуы қажет: Мектеп бітірушілер (түлектер) жаңа өмірге тез бейімделіп өзгере білуімен қатар бүкіл ғұмырында оқу мен білім алуды жалғастыруға бейім болуы керек. Ал мектептер болса тек білім беріп қана қоймай, осы алған білімдерін нақты өмірде қолдануға үйретулері тиіс, әрине мектептер де үнемі өзгерістерге дайын болулары қажет.

ATLAS SCHOOL 2018 жылдың наурыз айында, әлемде болып жатқан нақты өзгерістерді терең түсінген, өзінің еңбегі мен идеяларын, мүмкіндіктері мен уақытарын жұмсауға дайын жандар Қазақстанның жас ұрпақтарының болашақ тағдырына алаңдап, жасөспірімдер өздіктерімен дербес Білім алу,оны Қолдана білу, Сараптап, Жасап/Құрастыра білетін білім беру орталығын құрды.

ATLAS SCHOOL 2018 жылдың наурыз айында, әлемде болып жатқан нақты өзгерістерді терең түсінген, өзінің еңбегі мен идеяларын, мүмкіндіктері мен уақытарын жұмсауға дайын жандар Қазақстанның жас ұрпақтарының болашақ тағдырына алаңдап, жасөспірімдер өздіктерімен дербес Білім алу,оны Қолдана білу, Сараптап, Жасап/Құрастыра білетін білім беру орталығын құрды.

ATLAS SCHOOL – жастарға арналған бірегей мектеп, негізгі мақсаты-жасөспірімнің жеке басының ерекшеліктерін, қабілетін, талантын және қызығушылығын ескере отырып өздігінен оқып білім алуға жағдай жасау.

ATLAS SCHOOL әрбір жасөспірімнің жеке басын, оның бірегейлігін, ерекшеліктерін мойындайды, бұл нақты өмірге үйрететін орын, әрбір күндері ерекше бір-біріне ұқсамайды, таңғажайып өзгерістерге толы, әркімнің таланты мен ерекшеліктерін ашатын сүйіспеншілік пен еркіндік орны.

ATLAS SCHOOL мектебінде жүргізілетін барлық бағдарламалар, идеялар мен жұмыстар тұрақты ізденіс, үнемі даму үстінде.
Жұмыс барысында жинақталған тәжірибелер мен оқушылар, олардың ата-аналарынан, мектептерден, іскерлік серіктестіктер мен тәлімгерлерден түскен әртүрлі ақпараттар -ұсыныстар негізінде Atlas School бағдарламалары жетілдіріліп өзгеріп отырады тек бір рет қана емес үнемі бүкіл Atlas School ғұмыры бойы.

СОҢЫНАН БАСТАСАҚ:

ATLAS (ATLASNATION) МЕКТЕБІН БІТІРУШІЛЕР

Тиімді оқыту бағдарламасын жасау үшін оның нәтижесі қалай болатынын, ATLAS SCHOOL мектебін бітіргенде қандай тұлғаларды көргіміз келеді, біз осыны анық білуіміз керек. ATLAS SCHOOL мектебін бітірушілерден біз мына төмендегі тұлғаны көреміз:

• бүкіл ғұмыры бойы білім іздеп, оқып үйренетін
• білімдерін нақты өмірде қолдана білетін
• тауекелге бара алатын
• мәселелерді шеше білетін және сыни ойлайтын
• түрлі жағдайларға жан-жақты қарайтын
• дербес және басқалармен бірге жұмыс жасай алатын
• өзінің идеялары мен мақсаттарында креативті және батыл болатын
• өзінің қабілеті мен тәжірибесін қаржыға айналдыра алатын
• табандылық көрсете білетін
• берік және өзін сыйлай білетін
• моральдік жағынан ер мінезді
• қоршаған ортаны дұрыс пайдалана білетін
• денсаулығы зор
• жақсы оқып, жаза, сөйлесе білетін, сандармен жақсы жұмыс жасай білетін
• өмірден және жұмысынан нағыз ләззат алатын, бақытты болатын

ATLAS SCHOOL бітірушілер ЖОО және болашақ мамандықтарын білікті түрде таңдайды және өмірлерінде өзгерістер болған жағдайда әрқашан жұмыс түрлерін өзгерте алатындарын түсінеді, өйткені олар қалай оқуды, мамандық тәжірибелерін қалай алуды және өздерінің тәжірибелері мен таланттарын қаржыға айналдыруды біледі. Және ең маңыздысы ATLAS SCHOOL түлектері өз мақсаттарына ыстық журекпен, ынтық ықыласпен кіріседі.

Біздің Адвайзерлер

ATLAS SCHOOL мұғалімдерін Адвайзерлер деп атайды, олар өз жұмыстарына бірегей де адал берілген ерекше жандар, олар шын жүректен өзін-өзі сынап көруден тайынбайтын, өзіне өзі және өз өмір салтының мүмкіндігінен тыс талаптар қоя білетін, жасөспірімдерді осыған оқытуға дайын адамдар

Деннис Литтки

Бас консультант

Деннис Литтки Atlas School бас консултанты және идеялық дем берушісі. Ол АҚШ–ғы The Big Picture Company, The Met School мен College Unbound мектептерінің құрылтайшысы және директоры.  Толығырақ…

Мадина Сыпатаева

Негізін қалаушы, адвайзер

Мадина Сыпатаева Atlas School-негізін қалаушы, адвайзер. Ол соңғы 17 жыл бойы үздіксіз юрист қызметін атқарады, Linkage&Mind фирмасының негізін қалаушы, құқық саласы бойынша PhD ғылыми дәрежесі бар және Бөрте атты талантты қыз тәрбиелеп отырған ана. Толығырақ…

Хапират Батырбек

Негізін қалаушы, адвайзер

Хапират Батырбек – адвайзер, білім алуда шынайы тәсілді жүзеге асыра отырып барынша еркіндікті,әділеттілікті және шынайы өмір қағидаларын қамтамасыз етеді. Толығырақ…

Олжас Султанбеков

Адвайзер

Олжас – Atlas School адвайзері, ол жасөспірімдердің ақыл-ойы мен денесінің бірқалыпты теңгерімді дамуына жауап береді. Толығырақ…

Аида Жанабаева

Үйлестіруші, адвайзер

Аида үйлестіруші, SMM менеджері, сонымен қатар Atlas School мектебіне балалар қабылдаумен айналысады. Толығырақ…

Мектеп саясаты

Өз ықыласына бой ұру

Арманда

Күлімде

Сұрақ қой

Өзің бол

Су іш

Жоспарла

Өзіңді сынап көр

Бейбастақтық жасама

Арнайы жұмалар

Кітаптарды қайтар

Ағымда бол

Сөзіңде тұр

Өз пікіріңмен бөліс

Талпын

Контактілеріңізді қалдырыңыз

Немесе WhatsApp жазыңыз 

Имя *

Email *

Бізбен байланысыңыз

Мекен жайымыз:
Нұр-Сұлтан, Сарайшық к-сі, 11А

Тел: +7 (700) 404 12 15
Тел: +7 (771) 111 77 88
WhatsApp-та сөйлесуді бастаңыз
E-mail: main@atlasschool.kz

Барлық құқықтар сақталған ® 2018-2019 Atlas School

CALL ME
+
Call me!