Atlas Online
Жасөспірімдердің жан-жақты дамуы үшін Atlas School ұсынған ерекше онлайн бағдарлама өз мүмкіндіктерін барынша ашқысы келген және керекті де маңызды өмірлік дағдыларды шынымен үйренгісі келетін балаларға арналған.
1 маусымнан 23 тамызға дейін (12 апта)
Жиын 25 мамырға дейін ашық!
Atlas Online
1 маусымнан 23 тамызға дейін (12 апта)
Жасөспірімдердің жан-жақты дамуы үшін Atlas School ұсынған ерекше онлайн бағдарлама өз мүмкіндіктерін барынша ашқысы келген және керекті де маңызды өмірлік дағдыларды шынымен үйренгісі келетін балаларға арналған.
Atlas Online туралы
#atlasnation
Бұл- өз мүдделері мен армандарына жету бағытынан айнымайтын, өзінің бойында адами мінез бен құндылықтарды сіңіре білетін, өздігінен білім алып қажетті дағдыларды жетілдіруге ұмтылатын жасөспірімдерді өз мүмкіндіктерін ашуға шабыттандырып ынталандыратын білім беру алаңы.

Біздің тәжірибе мен әдістемеміз балалармен онлайн форматында жұмыс жасауымызға мүмкіндік берді, бұл тіпті одан да жоғарғы тиімділік – өйткені оқу жүйесінің жауапкершілігін жасөспірімдердің өздеріне аударамыз. Біздерге үлкендерге де керегі осы еді ғой!
Жас өспірімдер мен олардың ата-аналары қандай қиындықтармен ұшырасуда?
Оқуға, дамуға мотивацияның болмауы
өйткені олар мектепте кейбір пәндерді не үшін оқытатынын түсінбейді , тек қана ЖОО түсіп , жұмыс тауып мамандық алу үшін ғана керек деп есептейді. Ал ол мамандық не үшін керек ? Ол мамандық біреу ғана және өмір бойы ма ? Ал химияны неге оқимын егер де мен кинопродюсер болғым келсе?
Жалқаулық

ол нақты мақсат пен жоспардың болмауының салдары. Нақты мақсатың болмаса не үшін бірнәрсе істеу керек? Тек ата-аналар мен мұғалімдер үшін бе?
Мақсаттың болмауы

ол өзін-өзі білмеуден және түсінбеуден, өзінің орнын, нақты керектілігін, осындай тақырыптарға арналған сапалы әңгімелердің болмауынан, арман, мақсаттар қою , оған қарай ұмтылу туралы ортаның болмауынан туындайды.
Қателіктерден қорқу

қоғам, орта, менталдық балалардан «дұрыс» қимылдар, тесттерге қатесіз жауаптар беруді, кепілді қорытындылар талап етеді. Осының бәрі қателіктерден қорқу сезімін тудырады, ал бірақ қателік жоқ жерде даму да болмайды!
Тұйықтық, ұяңдық

осылардан үндемей қысылушылық , өз ойларын айтып /жеткізе алмау, ой таяздығы, клиптік ойлар туындайды. Осының бәрі жоғарыда аталғандардың нәтижесі, оның үстіне қазіргі жас өспірімдерде тек тұтынушылық мінездер қалыптасып бара жатқаны.
Біздің бағдарламалар
МОДУЛЬ #1
МОДУЛЬ #2
Бұл Atlas School негізгі курсының мақсаты – жас өспірімді саналы түрде теңгерімді өмір салтын қалыптастыра отырып дамуға үйрету. Мамандық, ақша, мансап туралы әңгімені бастау үшін , алдымен ол тұлғаның негізгі өзегі,құндылықтары - жаны, денесі және ақыл-ойынан бастау қажет болады.
Әр адам өзінің қабылетін қаржыға айналдыра білуі керек . Осы курсты оқу барысында жастар бизнес философиясы мен негізін, кәсіпкерлікті, «бай және кедей» әкелердің айырмашылығын, салық салу мәнін, экономиканың секторлары туралы, өзінің бюджетін құруды және шығындарын жоспарлауды бастайды.
Learning Through Internship және Project Based Learning – бұл екеуі Atlas School мектебінің негізгі компоненттері, олар Big Picture Learning оқу бағдарламасы негізінде енгізілген. Cтуденттер нақты компанияларда менторлармен өзара бірлесіп өздеріне қажетті нақты тапсырмалар мен жобалар алып танысады, интервьюлер жүргізеді, практикадан өтеді.
МОДУЛЬ #3
«Егер де адам құдай бейнесіне ұқсас болып жаратылса,онда білім дегеніміз не?
Білім ол жас баладан құдай бейнесін ашу!», Шалва Амонашвили
Қалай жұмыс істейміз
24/7
Сабақтар, презентациялар, материалдар мен тапсырмалар 24/7 кірумен онлайн режімде беріледі
Online
Кезкелген құрылғыдан
кез келген уақытта
қосылуға/кіруге болады
Эдвайзермен сөйлесу
Жедел қарыс-қатынас және талқылау үшін балалардың Адвайзерлермен жұмыс чаты болады
Өзін-өзі бақылау
Балалар өз өсу жетістіктерін өздері қадағалап, оқу процессін өздері ұйымдастырады
English
speaking zone
Atlas School – негізінде English speaking zone болғандықтан студенттердің ағылшын тілі деңгейін тиімді де жылдам көтеру мақсатымен материалдар мен барлық қажетті оқу ресурстары ағылшын тілінде беріледі
Коучинг
Балалардың өздерінің жеке даму жоспарларын Адвайзерлермен (коучингтік форматта) талқылауына мүмкіндіктері болады
Балалар мынадай топтарға бөлінеді:
Atlas High Group- 15-17 жас
Atlas Teens Group - 13-14 жас
Бағдарламар натижесi
Табысты адам - ол пайдалы әдеттер жиынтығы
Бағдарлама қорытындысы бойынша жас өспірімдер - жоспарлау , сөзден іске, позитивті көңіл күй,белсенділік, өзіне және өзінің күшіне сену, бәрінен тек мүмкіндіктерді көру және т.б. сияқты пайдалы әдеттерді бойына сіңіреді.
Өз бетінше оқу және өзін өзі дамыту
Жас өспірімдер өздерінің жоспарларын , мақсаттарын, басымдылықтарын реттеуді және өзінін орны мен мамандықтарын өздері анықтап белгілеуді бастайды. Курс барысында қалай қимылдау алгоритмін түсініп алып - олар бұдан былай өздеріне білім траекториясын құрып және өзін lifelong learner (бүкіл өмір бойы оқу) рухында тәрбиелей алады.
Ойлау шеңберінен тыс
Балалар әр нәрсеге жан-жақты қарап, стандарттан тыс ойлауды, алдын-ала шешіліп қойылмағандай қарайтын болады.
Өзіне сенімділік және белсенділік
Балалар өзінің болашағына қажет күшті және әлсіз жақтарын ашып түсініп өзіне деген сенімділікке ие болады және өзінің күшті жақтарын өз ортасында ғана емес басқа да таныс емес орталарда да пайдаланып белсенділік таныта алады.
Коммуникациялар
Бағдарламалардан өткеннен кейін - балалар кіммен болса да, қай жерде болса да, не туралы болса да сөйлесе алатын болады. 21 ғасырдың негізгі әдет дағдысы және кәсіпкерлердің ажырамас сапасы – ол тиімді коммуникациясы , сұрақ қоя білуі, пікір мен нақтыны ажырата білуі, сыни ойлауы!
Отбасылық құндылықтар
Жас өспірімдер ата-аналарымен, отбасындағы үлкендермен, аға-іні қарындастарымен қатынастарын түсініп және бекітеді, туыстық құндылықтарды сақтап және қолдайды.
Біздің Адвайзерлер
ATLAS SCHOOL мұғалімдерін Адвайзерлер деп атайды, олар өз жұмыстарына бірегей де адал берілген ерекше жандар, олар шын жүректен өзін-өзі сынап көруден тайынбайтын, өзіне өзі және өз өмір салтының мүмкіндігінен тыс талаптар қоя білетін, жасөспірімдерді осыған оқытуға дайын адамдар.
Мадина Сыпатаева
Негізін қалаушы, адвайзер
Олжас Султанбеков
Адвайзер
Мадина Сыпатаева Atlas School-негізін қалаушы, адвайзер. Ол соңғы 17 жыл бойы үздіксіз юрист қызметін атқарады, Linkage&Mind фирмасының негізін қалаушы, құқық саласы бойынша PhD ғылыми дәрежесі бар және Бөрте атты талантты қыз тәрбиелеп отырған ана.
Олжас – Atlas School адвайзері, ол жасөспірімдердің ақыл-ойы мен денесінің бірқалыпты теңгерімді дамуына жауап береді.
Біздің Адвайзерлер
ATLAS SCHOOL мұғалімдерін Адвайзерлер деп атайды, олар өз жұмыстарына бірегей де адал берілген ерекше жандар, олар шын жүректен өзін-өзі сынап көруден тайынбайтын, өзіне өзі және өз өмір салтының мүмкіндігінен тыс талаптар қоя білетін, жасөспірімдерді осыған оқытуға дайын адамдар.
Пікірлер
Скриншоттар
Бейне шолулар
Бағдарлама құны
Толық курс
Бұл құнға кіретіні:
o Онлайн сабактар
o Atlas Camp жеңілдіктер
o ата-аналармен онлайн вебинарлар
o Friday events қатысу (ойындар - Монополия, Cash Flow, фильмдер көру, философиялық кештер, қонақтармен кездесулер, аукциондар т.б)
o Адвайзермен жеке кездесулер (жоспарланған кесте бойынша)
60 000 ₸
Бір ай
(4 апта)
20 000 ₸
Жеңілдік 30 мамырға дейін ғана
Бағдарлама маусымның 1 басталып тамыздын 23 дейін созылады
Жеңілдік 30 мамырға дейін ғана
Бағдарлама маусымның 1 басталып тамыздын 23 дейін созылады
Қандай опция таңдалатынын білмейсіз бе?
Біз көмектесеміз
Өзіңіз туралы айтып беріңіз, біз сізге бағытты табуға көмектесеміз
Сұрақтарыңыз қалса
Неге бағдарламаның бағасы жоғары?
Atlas жас өспірімдерді дамытуға арналған, олардың өміріне қажет болатын өте бағалы үздік білімдер мен тиімді тәжірибелер әзірледі және жинады. Мұны инвестиция деп қарастырыңыз, әрі жоғарғы қайтарымды инвестиция, ол болашақта сіздің және балаңыздың/қызыңыздың уақытын және қаржысын үнемдейді. Мұндай білім мектептерде берілмейді, және өкінішке орай ата-аналардың да бәрінің бірдей ондай білім беру мүмкіндіктері жоқ. Есіңізге түсіріңізші сіз «Неге бізге мектепте осыны үйретпеген?» деп жиі айтатынсыз. Балалармен жұмыс жасау ол өте ұзақ, ауыр жол, оны жан тәнімен беріліп жұмыс жасайтын адвайзерлер мойнына алған. Міне сондықтан – бұл бағдарлама соншама тұрады!
Менің балам осы бағдарламадан қандай нәтиже алады?
Өз мүмкіндіктерін, күшті жақтары мен мүдделерін, көпшілік алдында сөйлеу және өз ойларын еркін жеткізу, уақыты мен ресурстарын басқару, өз істеріне жауапкершілікті сезіну және түсіну. Өзінің мамандығын таңдау жолындағы іс-қимылдар алгоритмін түсіну - әрекеттерді бастайды (теориямен отырмайды), өзі қалаған мамандықтар арасындағы адамдармен танысып араласып өз ортасын құрады, қолайлы ЖОО таңдайды (шет елден, ҚР), дайындала бастайды (SAT, IELTS/TOEFL), тіпті өз бизнесін ашады немесе GAP year алады және жұмысқа орналасады. Біз бен сіздің міндетіміз оны қолдау және жауапкершілікті оған аудару болады (әрине маңызды кеңестер беріп және оның да пікірін тыңдай отырып). Атлас өз кезегінде қол жеткізген нәтижелерді бекіту және әрі қарай дамыту үшін үнемі қолдау шараларын ұйымдастырып отырады.
Ал егер де менің баламның ағылшын тілі әлсіздеу болса?
Сіз түсінесіз ғой , бүкіл әлем бойынша ақпараттар ағылшын тілінде көбірек - шамамен 80 %, ал орыс тілінде бар болғаны 2-3%. Яғни, бұл ақпаратты бірінші кезекте ағылшын тіліндегі түпнұсқадан іздеп және табуға көбірек ынталандырады.
Тіпті , егер де материалдар , ақпараттар, видео ағылшын тілінде берілсе де , ағылшын тілін жақсы білетін балалар тарапынан аударма көмегі әрқашанда болады. Яғни бұл да тіл білуге ұмтылуға және жақсартуға жақсы ынталандыру. Атласта тіл білімі академиялық түрде оқытылмайды – біз балалардың аударма қорына жеңіл енетін терминдерді, слненгтерді береміз , өйткені оларды жиі қолданады және олар «озықтау» кейде тіпті «қызықтау». Ынталандыратын роликтер субтитрамен көрсетіледі, сондықтан бұл үрдіс біртіндеп жас өспірімдердің әдетіне де ене бастайды.
Сұрағыңыз бар ма? Бізбен байланысыңыз
WhatsApp-та сөйлесуді бастаңыз
Тел: +7 (701) 166 62 40
Адрес: Нур-Султан, Сарайшык к-сi, 11A
2018-2020 © Atlas School Барлық құқықтар сақталған
Мадина Сыпатаева
Негізін қалаушы, адвайзер
Олжас Султанбеков
Адвайзер
Жан-Дене-Ақыл-ой
☆ Мен кіммін ? Менің ұмтылысым. Менің мақсаттарым.
☆ Жан-дене-ақыл тепе теңдіктері.
☆ Менің айналам. Олар маған қалай әсер етеді? Интеллект және дағды vs. орта
☆ Адамдар қайтыс болар алдында өкінентін 4 нәрсе Тобы
☆ Менің ішкі гаухарым. Қырларын қашап түзету.
☆ Дене – құрал және оның қызмет мерзімі
☆ IQ, EQ және тағы да ешкім көп айта бермейтін интеллектің көп түрлері
☆ Тұтыну vs.Жасампаздық
☆ Сыни ойлау және креативті ойлау
☆ Тәртіп, Ерік күші және мінез күші
☆ Әдет = тағдыр
☆ Мақсаттар. Олар неге қажет? Оларды қалай қою керек?
☆ Приоритетер. Action plan. Reflection
☆ Отбасы. Тұқым-тек күші.
☆ Энергия және оны жинақтау
☆ Шабыттану. IKIGAI
Мен, әлем және жаһандық контекст
Курс тақырытары:
Маңыздысы – өз денеңнің мүмкіндіктерін түсіну, оның төзімділігін арттыру, және дененің жағдайы менталды (ақыл-ой, көңіл-күй) дамуына қалай әсер ететінін түсіну.
Балалар өмірлік тепе теңдіктің гармоникалық шеңберін құрастырумен айналысады, мақсатты дұрыс қоюға , басымдылықтарын белгілеуге, action plan жасауға үйренеді.
IQ – ден басқа интеллектің көптеген түрлері бар және ол әркімде әр түрлі дамыған. Жасөспірімдер өзінің интеллектін (логика, сыни ойлары, креативті ойлау) шыңдайды және өздерінің мықты жақтары мен өсу аумақтарын анықтайды.
Өзіндік тәртіп, өздігінен ұмтылу, өздігінен сараптамалар жүргізу , өзінің жағдайын түсіну – міне осылар курстың негізгі құрамдас бөліктері.
Рухани даму - бұл тұлға дамуының ажырамас бөлігі, ол бізге шабыт және өсу,өзін түсіну және өз ерекшелігі мен қабылетін анықтауды, жаңа білімдер алу, энергия жинақтау, өмірді сүю және бақытты болуды береді.
Кәсіпкерлік
☆ Кәсіпкерлік ойлау. Молшылық пен қадір қасиет
☆ Бай және кедей әке ? Ойлау айырмашылықтары қандай?
☆ Ақпарат. Ол қалай бұрмаланады
☆ Пікір vs. Факт
☆ Мен ақшаны қалай жұмсаймын? Керек vs. қалаймын. Жеке бюджет
☆ Сауда – кәсіпкерліктің негізі
☆ Коммуникациялық – кәсіпкерліктің ең маңызды дағдысы
☆ Маркетинг. 5 P's of marketing (product, price, place, promotion and people)
☆ Салықтар. Неге біз оларды төлейміз?
☆ 2$ - сенің бастапқы капиталың
☆ Жағдай + Реакция = Салдары
☆ Орынды тәуекелдік
☆ Қателіктер = инновациялар
Курс тақырыптары:
Бұл курс балалардың кәсіпкерлік духын ашуды және ақша мен уақыттың құндылықтарын, өз еңбегі мен күшін ұғынуды, сонымен қатар тәуелсіз ойлануды және өз жобаларын жасауды үйретеді. Тұтынушылықтан Жасаушылыққа. Орындаушылықтан Белсенділікке және Шығармашылыққа.
LTI тәжірибесі (практикасы) арқылы оқу
☆ Ертедегі греция мифологиясы және экономиканың секторлары
☆ Өнер саласы және оны қаржыға айналдыру
☆ Сәулетшілік - өнер де және кәсіп те
☆ Орындаушылық өнері – қаржыға айналдыру және кәсіп
☆ Спорт. Сен спортшы болмасаң онда қалай жалақы табасың?
☆ Киноиндустрия. Оның қаймағын кімдер алады?
☆ Кітап нарығы. Онда жалақыны кім алады – автор, баспа немесе ритейлер?
☆ Ауыл шаруашылығы – егіс даласынан кондитерге дейін
☆ Мұнай және Газ – мұнай мұнарасынан АЗС немесе пластикалық пакеттерге дейін
☆ Құрылыс – жер бөлімінен бизнес орталықтарға дейін
☆ Банк. Кредит. Пайыздар. Ипотека
☆ Өнеркәсіп. Сенің кроссовкаңның өзіндік құны
☆ Заңдар неге қажет?
☆ Сауда. ZARA қалай жұмыс жасайды
☆ Coding, IT, Silicon Valley
☆ Google, Amazon, Facebook
Темы курса:
Егер де жас өспірім футболмен әуестенсе , онда оны футболдың айналасындағы project management, қаржы, коммуникация, жоспарлау мен маркетингтерге қосудың да көп әдістері табылады! Оны күштеп абстракты теорияларды оқытқанша,футбол айналасындағы осы істерге ол шын ниетімен және ынтасымен үйреніп кіріседі. Осы курс барысында тинейджерлер оқитын тапсырмалар, материалдар , идеялар мен әдіс дағдылар нақты (аутенттік) жұмыстардан/жобалардан/ тәжірибелерден алынады. Жас өспірімдер осында ЖОО (ҚР және шет елдерде) таңдаумен, өмірбаяндарын, мотивациялық хаттар, эссе, СV жазумен және портфолио дайындаумен айналысады.